Android қолданушылары үшін: Егер сізде ескі нұсқа болса, соңғы 5.2.2 нұсқаны жүктеңіз.
Телефондағы “Қуатты үнемдеу” 🔋 параметрін өшіріп қойыңыз. Ол қосылып тұрса, телефон қуатты көпке жеткізу үшін барлық хабарландыруларды бұғаттап тастайды.
Sajda қосымшасының ішіндегі Параметрлерді тексеріп көріңіз. “Хабарламалар & дыбыстар” бөлімінде “Хабарландырулар қосылды” басыңыз және “Азан” батырмасын басып, “Барлық намаз үшін бір дыбыс” орнатыңыз.
Және де басты беттегі намаз кестесінде “қоңыраулар” 🔔 түгел қосылған ба, тексеріңіз.
iOS қолданушылары үшін: Егер сізде ескі нұсқа болса, соңғы 5.2.4 нұсқаны жүктеңіз.
Басты беттегі намаз кестесінде “қоңыраулар” 🔔 түгел қосылған ба, тексеріңіз.
Телефондағы “Қуатты үнемдеу” 🔋 параметрін өшіріп қойыңыз. Ол қосылып тұрса, телефон қуатты көпке жеткізу үшін барлық хабарландыруларды бұғаттап тастайды.
Және Sajda қосымшасының ішіндегі Параметрлерді тексеріп көріңіз. “Хабарламалар & дыбыстар” бөлімінде “Хабарландырулар қосулы” басыңыз және “Азан” батырмасын басып, “Барлық азандар үшін бір дыбыс” орнатыңыз.